Аллергия неден пайда болады

Р. Д. Жақсылықова. Аллергиядан қалай айығуға болады? 2007

Р. Д. Жақсылықова (2007)

Аллергия өте жиі кездесетін кеселдердің бірі. Осыдан не бары елу-алпыс жылдар бұрын аллергия сирек кездесетін. Сол кезеңде адамдардың бұл кеселден мерт болуы да сирек болатын. Ал, қазір аллергия кеселдері өте қатал түрлеріне айналып, тіпті адамдардың мерт болуына жиі себепкер болып отыр. Бұның себебі неде? Медицина дамыған кезеңнің өзінде де бұл кесел неге бой алып келеді? Аллергия неліктен ауыр түріне айналуда? Жалпы аллергияның өзі неден пайда болады? Осы және тағы да басқа сұрақтарға қандай жауап?

Әр ғасырдың және әр мыңжылдықтың өздеріне тән сырқаттары бар. Осындай жағдайлар болды, қазіргі кезде кездеседі де, келешекте де кездесетін болады. Бұған қоршаған ортаға жәндіктердің қалыптасуы, атап айтқанда жаңа аймаққа, адамдарда, малда, өсімдіктерде, мал және өсімдік паразиттерінің де (бұлардың ішінде микроорганизмдердің де) қалыптасуы.

Бүгінгі кезде көтеріп отырған мәселені толық түсіну үшін кейбір кеселдердің тарихынан мысал келтірейік. Он сегіз ғасыр бойы қышыма кеселін адамзат жұқпайтын ауру деп санап келген. Аурудың себебін адам ағзасындағы сұйық құрамдардың дұрыс қосылмағандығынан деп пайымдаған. Микроскоп пайда болғаннан кейін, ауру адамның денесінен табылған ұсақ Саркоптес кенесі қышыманың себепкері екендігі анықталды. Дегенмен, тағы біржарым ғасыр бойы қышыма жұқпайтын кесел деп айтуды жалғастырған ғалымдар да табылған еді. Дұрысы – қышыма кеселінің жұқпалылығы. Осы пікірге сәйкес шаралар қолданғаннан кейін қышыма кеселі адамдар арасында жойылды. Соның өзінде де қазіргі кезде дүние жүзінің әр бұрышында бұл кесел аздап кездесіп тұрады. Біздің заманымызда қышыманың тарихына ұқсайтын жағдай кездесуде.

1841 жылы ауру және сау адамдардың терісін зерттеу барысында Демодекс деген ұсақ кене жүз процентте табылған. Қазіргі күнге дейін бұл кенені ғалымдар адам терісіне зиянсыз, сапрофит жәндік деп санайды. Қышыма ауруымен ауырған адамдардың денесін зерттегенде, барлығынан Дерматофагоид деген ұсақ кенелер табылған және қазір де табылады. Дегенмен осы кененің қоздыратын кеселі толық зерттелмегендіктен, қазіргі кезге дейін аталған дертке қарсы ем жүргізіліп жатқан жоқ. Қышымамен ауырған адамдарды емдейді, одан кейін қалған кышыну, бөрткендер сияқты белгілер емделмей қалады. Аса қышынған адамдар: «Терімнің ішінде жәндіктердің қимылын сезінем» дегендерін жындыханаға жатқызуға дейін барады (бұл туралы шет ел ғалымдары мәлімдейді). Ал, қышынбайтын кісілердің кейбіреуінде терісінен Саркоптес кенесі табылғанымен, ғылыми баспаларда бұл жағдай аурудың белгісі емес, акаротрегерство деп аталып кеткен.

Қазіргі кезде аллергиямен ауыратын адамдардың саны өте көп. Кейбір мемлекеттерде төрт немесе үш адамның ішінен біреуі аллергиямен ауырады. Осы жағдайға байланысты Европаның ғалымдары аллергияны жұқпалы індет ретінде таралғанын мәлімдейді. «Көп ұзамай келешекте аллергия Құрама Штаттарында да жиі кездеседі» деген жорамды американың ғалымдары айтуда. Аллергияның адамдар арасында тарағанына біраз уақыт болғанымен, медицинада оның айығу жолдарын таппаған. Сондықтан медицинада бүгінгі күнге дейін аллергия емделмейтін кесел деп есептеледі. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында аллергияның кең тарауы себепті аллергия аталған ғасырлардың обасы деп саналады. Қазақстанда да аллергия кеселі кең тараған.

Біз аллергияның шын мәнінде қандай кесел екенін білеміз бе? Бұл кесел неден пайда болады? Бір қарағанда бұл сұрақ орынсыз көрінеді. Аллергияны қазіргі кезде білмейтін жан кем де кем. Кішкене баладан бастап қарияға дейін аллергияны жақсы біледі. Аллергияның адамдар арасында мол тарағаны соншалықты, тіпті кейбір кісілер сондай белгілерін (түшкіріп, мұрны бітіп, жөтеліп, көзі жасауратып) сезінгенде, өздеріне аллергия деп диагноз қойып, дәріханадан тиісті дәрілерді сатып алып, өз бетінше ем қолдана бастайды. Аллергияның белгілері қатты ұлғайғанда ғана дәрігерге барып көрінеді. Бұл, әрине дұрыс емес.

Есімде сексенінші жылдардың басы. Халық арасында аллергияны біле қоймаған кез. Сол жылдары аллергияның бағыты ауыр емес болатын. Аллергиядан адамдар өте сирек шетінейтін. Бүйрек кеселімен ауыратын бір кісімен сұқбат есімнен кетпейді: «Аллергияны да кесел деп санайсыз ба? Көп болса түшкірерсіз, пысқырарсыз, бірақ одан өлмейсіз ғой!» дегені және содан кейін қарқылдап күлгені. Ал, қазіргі кезде аллергиямен ауыратын адамдар олай айта алар ма екен? Соңғы үш онжылдықтың ішінде, әр он жыл сайын аллергиямен ауыратын адамдардың саны екі есе көбеюде. Аталған кеселдің бағыты өте қиындай түсті. Бұндай жағдайды бүкіл дүние жүзінің ғалымдары дәлелдеуде. Айтылған жағдай немен байланысты? Жалпы медицина және оның аллергология саласы дамыған кезеңінде мұндай жағдай не себептен туындап отыр? Бұл сұрақтың өзінен жауап туады: аталып кеткен салаларда аллергия туралы түсініктердің дұрыс еместігі.

Медицина бойынша аллергия кеселі аллергендермен қоздырылады. Бұл адам ағзасының өзгергендігі болып саналады. Мұндай ағза бұрын соңды кезігіп жүрген химиялық, дәрілік, физикалық, биологиялық және тағы да басқа заттарды өзгерген ағзаның дұрыс қабылдамауы. Біріншіден, өзгерген ағза аллергендерге антигендерді өндіреді, екіншіден әрі қарай аллергендермен кезіккен кезде реакция беріп, аллергияны тудырады екен. Аллергия кез-келген жаста пайда болатындығы белгілі. Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әр түрлі болады. Оған аллергендердің көлемі және түрі байланысты емес. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабықтарда кездеседі. Ал соңғы жылдардың тағы бір жаңалығы – аллергияның іш құрылыстарында болуы.

Ерте ме кеш пе шындық анықталады. Оған да бір себеп болады. Аллергияның шын мәнінде қандай кесел екендігін анықтайтын мынадай бір оқиға болған еді. 1981 жылдың сәуір айында маркұм профессор Р.К. Мақашеваның дәрігерлерді үйрету сабағына (консультативтік қабылдауына) бір әріптесі келген еді. Ол кісінің айтуы бойынша, өз-өзіне ендірген демодекоз кеселін емдеу кезінде аллергия қосылып, соған байланысты ол кеңес сұрап келген еді. Профессор сенбегендік білдіргенімен, аллергияның бар екендігін дәлелдеген еді. Сонда ғана бірінші рет көрінуге келген дәрігер жалпы медицинада аллергия туралы түсініктің дұрыс еместігін сезген еді. Сол дәрігер мен болатынмын.

Аталған жағдайдан бастап біз аллергияны зерттеп, оның дұрыс емдеу жолдарын іздедік. 25 жыл ішінде өзімнен басқа 8548 тері ауруымен және аллергиямен ауыратын адамдарды кеселінен толық айықтырдық. Аталмыш уақыт ішінде біз аллергия кеселін жалпы анықтауды үйрендік. Қазіргі кезде аллергия деген қандай ауру екенін айта аламыз. Біздің нәтижеміздің дұрыстығын уақыт, толық айықтыру және зерттеу жолдары айқындайды.

Сонымен аллергия дегеніміз созылмалы індеттің бір түрі болып шықты. Ауруды қоздыратын себепшілердің ішінде бірінші қатарда ұсақ, көзге көрінбейтін кенелер екен. Бұлардың ішінде Демодекс және Дерматофагоидтер жиі кездеседі. Кенелер жалғыз ғана болмайды. Олар ағзасының ішінде міндетті түрде әр түрлі микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, грибоктар, және т.б.) ала жүреді. Кесел ағзаға енгеннен бастап бірінші субъективтік белгісін бергенге дейін көп уақыт өтуі мүмкін. Көп себептер, соның ішінде адам ағзасының мықтылығы (иммунитеті), жеке гигиенасы, тағам қабылдау, тірлік жасау және демалыс қабілеттері (әдеттері), тағы да басқалары бұл мезгілдің ұзақтығына әсер етеді. Кеселді «көрмегендік», онымен тиісті жолдармен күреспегендік бірте-бірте індеттің асқынуына әкеліп соқтырады. Адамда ұсақ кенелер қоздыратын кеселдер акариаз, акароз, қышыма, тағы да басқаша атпен аталады. Акариаздың асқынған жолдарының ішінде қазіргі заманда кең тарағандары: тері аурулары, аллергия, ревматикалық, жүрек, қан тамырлары, жүйке, психикалық, кауіпті ісік және тағы да басқалары. Бүгінгі күні біз толық айықтыра алатын кеселдердің ішінде – күн сәулесінен болатын терінің қабынуы (фотодерматоз), дискоидты қызыл жегі, дерматиттер; тағамға, дәріге, шыбын-шіркеулердің уына аллергия; розацеа, мұрын тері бездерінің ісігі (ринофима), созылмалы тері ауыруы (экзема), нейродермит, теңге қотыр (псориаз), парапсориаз, қышыма, шиқан басу, демодекоз, аллергиялық тұмау, тыртық түйін (келлоид), эритродермия, қызыл жегі жүйесінің бастапқы кезеңі, ақтаңдақтың бастапқы кезеңі, терінің қатаюы (склеродермия) жүйесінің бастапқы кезеңі, дерматомиозиттің бастапқы кезеңі, терінің қатерлі ісік алдындағы сырқауы, терінің қатерлі ісігі, көп уақытқа созылған қайталанбалы есегжем деп аталатын, және т.б. сырқаттар. Аталмыш кеселдер бүкіл дүние жүзінде кең таралғандығы біздерге акариаз ауруы пандемия ретінде тарағандығын айтуға мәжбүр етеді. Егер ауру адамды кеселдің пайда болу себебінен айықтыру жолдарымен толық сауықтырсақ, одан артық кеселдің себебін дәлелдейтін жолдар болуы мүмкін бе?

Міндетті түрде ұсақ кенелер қайдан шығып жатыр деген сұрақ туады. Бүкіл дүние жүзі ғалымдарының зерттеуі бойынша ұсақ кенелер бұрынғы заманнан бастап бізбен бірге, біздің үйімізде тұрады екен. Бірте-бірте жақын аймағымыздан кенелер біздің киімімізге, денемізге енуді үйренген. Уақыт өте келе олар адамдардың ішкі құрылысында да өмір сүрүді үйренген.

Кесел анық көрініп тұрса, оны бәріде көреді. Ал, акариаздың ұсақ белгілерін де білгендеріңіз абзал. Олардың ішінде терінің қызаруы, аса қоңыр болуы, бөртуі, дақтануы, аса құрғақ немесе аса майлы болуы. Адамның сау терісі ешқашанда майлы немесе құрғақ, дақты болмайды. Сол тәрізді шаш та түспейді.

Біздің халқымыздың жерге отырып, жерге жататын әдеті бар. Баяғы заманда киіз үйде тұрып, оны таза жерге құрып, күніне шаңырақты немесе керегені ашып, үй ішін желмен тазалап тұрған. Күннің көзі жағымсыз жәндіктерден үйдің тазалануына да себепкер болған. Төселген киіздер мен кілемдерді, төсеніштерді де тазалап тұрған. Бұған қосымша төсек жаймаларын, көрпе-жастықтарды жиі-жиі күннің көзіне жайып, қағып, сілкіп тұрған. Сол себепті де адамдар арасында акариаз да көп болмаған. Сондай-ақ халық тығыздығы өте аз болған. Ал, қазіргі кезде адамдар өте ыңғайсыз жағдайда өмір сүруде. Тұратын пәтерлеріміз де тар. Жоғарғы қабаттан үй мүлкін далаға шығарып, күнге кептіріп, қағып сілкудің өзі – өте қиын. Оның үстіне күннің көзі де үй ішіне аса көп түсе қоймайды. Ал үйді кілемге толтырып, жерге отырып, жататын әдет-ғұрпымыз қала қойған жоқ. Бұл жағдайда ұсақ кенелердің өсіп өнуіне аса ыңғайлы. Сондай-ақ көріскенде құшақтасып, сүйіскенде де кенелер бір кісіден екіншісіне көшуі мүмкін. Ала берістеріміз де көп. Бір-бірімізбен киімді де ауыстыра береміз. Кез-келген жерге отыра саламыз. Көзбен көрінбейтін жәндіктермен тиісті түрде күреспенгендігімізге байланысты, ұсақ кенелер адамның аяғы басылған жерлердің бәріне кең тарап үлгірген екен. Ал, бөтен жерлерде өзіңізді қалай ұстайтыныңызды әрі қарай өздеріңіз ойланыңыздар.

Қандай кесел болса да аспаннан түспейді. Кез-келген кесел біздің әдет-ғұрыпымызға, тағам қабылдау әдетімізге, аймаққа және басқа адамдармен қарым- қатынасымызға байланысты. Ал біз болсақ, қауіпті ісік қайдан пайда болды деп, оған ем іздей бастаймыз. Бетіміздің қызаруы, құрғақ теріміз сол аурудың бастама белгілерінің бірі екендігін үш ұйықтасақ та есімізге келмейді. Сондықтан да аллергия болсын, қауіпті ісіктер болсын кең тарауын жалғастыруда. Ойланыңыздар, ағайын! Тек қана себебін анықтайтын ем, тек қана тиісті күрес кеселден әркез айықтыратындығын естен шығармауға тиістіміз.

Жастарға, акариаздың жеңіл белгілері бар адамдарға айтатын кеңесіміз: тазалықты мықты сақтаңыздар. Апта сайын моншаға да баруды ұмытпаңыздар. Бұған қосымша киімдеріңізді уақытында тазалап, үтіктеуді де біліңіздер. Төсек салардың алдында едендегі киіздеріңізді, кілемдеріңізді тазалаңыздар. Төсек мүліктерін де таза ұстауға тырысыңыздар. Ал аллергия, тері ауруларына және жоғарыда тізілген ауруларға шалдыққандарыңыз, бізге келіп, көмек алуыңызға болады.

Использованные источники: allergy.kz

ЧИТАЙТЕ ТАК ЖЕ:

  Сыпь на коже аллергия лечение

  Есть аллергия на сирень

  Аллергия на коже лечение травами

  Может ли быть аллергия на печенье на фруктозе

Аллергия өршіп тұр. Аллерголог аз

18 тамыз 2011 4,564 рет оқылды


ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың бірі — аллергия. Оны кішкене баладан бастап қарияға дейін жақсы біледі. Аллергияның адамдар арасында мол тарағаны соншалықты, тіпті кейбір кісілер түшкіріп, мұрны бітіп, жөтеліп, көзі жасаурағанда, өздеріне аллергия деп диагноз қойып, дәріханадан тиісті дәрілерді сатып алып, өз бетінше ем қолдана бастайды. Аллергияның белгілері қатты ұлғайғанда ғана дәрігерге барып көрінеді.

Біз аллергияның шын мәнінде қандай ауру екенін білеміз бе? Ауру неден пайда болады? Аурудан қалай айығуға болады? Осы секілді сұрақтарға жауап іздеп, Ақтөбедегі Теміржол ауруханасының дәрігер-аллергологы Нәзипа Әлімбаевамен әңгімелестік.

Маусымдық ауру әлегі

Қашан көрсең де мұрны су болып, көзі жасаурап, мазасы кететін адамдар болады. Олар — аллергия ауруларының «құрбандары».

Дәрігерлердің айтуынша, аллергия — ағзаның бөгде затқа сезімталдығының

әсері. Адам ағзасында иммундық жүйе төмен болса, сезімталдығы артып, ауаның, күннің, сондай-ақ шаң-тозаң, өсімдіктер, тағамдар, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттардың денеге кері әсерінен аллергия пайда болады. Әсіресе, көктем-жаз мезгілдерінде шаң-тозаңнан пайда болатын аллергиялық аурулар жиі кездеседі.

Осыдан не бары елу-алпыс жылдар бұрын аллергия сирек кездессе, қазіргі кезде аллергия — өте жиі кездесетін аурулардың бірі, орташа есеппен әрбір үшінші адам аллергиядан зардап шегеді екен.

Теміржол ауруханасының дәрігер-аллергологы Нәзипа Әлімбаеваның алдына жаз мезгілінде, яғни қазіргі уақытта күніне шамамен 40-қа жуық науқас шағым айтып келеді. Жаз айларында өршитін себебі де бар, дәрігерлер мұны осы мезгілде қаулап өсетін түрлі шөптермен байланыстырады. Медицинада аллергияның бұл түрі көктемнен күзге дейін ғана созылатын болғандықтан, «маусымдық поллиноз» деп аталады.

Аллергияға тап болған науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Мұрнынан су ағып, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді. Мұны айналамыздағы аллергиялық аурудың зардабын шегіп жүрген адамдардан көріп жүрміз. Дәрігер-аллергологтың айтуынша, кей кездері науқастың тыныс алуы нашарлап, өкпесі тарылады немесе денесі ісініп, тамағы тітіркенеді, тіпті аллергиялық естен тану болуы да мүмкін.

Нәзипа Асанқызы аллергияның пайда болуына екі фактор әсер ететінін айтты. Біріншісі, егер ата-анасының бірі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырған болса, баланың сол аллергияға бейімділігі. Таратып айтсақ, егер баланың әкесі бұрын аллергиялық аурудың бір түрімен ауырса, баланың аллергиялық ауруға шалдығу ықтималдылығы 80 пайыз, ал бұрын анасы ауырған болса, баланың ауруға бейімділік ықтималдылығы 50 пайыз болады екен.

Ал екінші фактор — жүре пайда болатын аллергия. Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп кездеседі. Бұл — маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивтің кең таралған түрі. Қазір жаз мезгілінде осы түрі өршіп тұр.

Ауруға түсінік берсек, поллиноз (латын тілінде pollen — өсімдік пен шөп тозаңы және osіs — ауру) — жоғары тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығына өсімдік тозаңының түсуінен пайда болатын аллергиялық ауру. Аурудың маусымдық сипаты бар, әсіресе, желмен тозаңданатын өсімдіктер гүлдеп, ауада тозаң көбейіп, ағзаның сезімталдығы көтерілетін кезде байқалады. Поллиноз бір немесе бірнеше аллергендерде дамуы мүмкін. Аллергендер мұрынның шырышты қабығы, ас қорыту жолдары арқылы ағзаға түсіп, онда арнайы аллергиялық антиденелердің (негізінен иммундық глобулин Е, G) өндірілуіне әкеледі. Емі: науқас өсімдік гүлдеген кезде тыныс жолдарына (дәке маска байлау) және көзіне (қорғаныш көзілдірік кию) тозаң түсірмеуге тырысуы керек; қыс айларында ауруды қоздыратын арнайы аллергенді анықтау қажет. Сол аллергеннің өте аз мөлшерін ағзаға енгізу арқылы адамның аллергенге көтерілген сезімталдығын азайтады.

Осындай ауруға шалдыққандардың бірі — Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақжарқын Арынғазы:

— Былтыр шілденің ортасында кенеттен мұрным су болып, көзім жасаурап, түшкіріп-пысқырып, мазам кетті. Демалу қиындады, тіпті ауызбен демаласың. Осылайша қыркүйектің ортасына дейін қиналып жүрдім. Әрине, дәрігерге бардым. Әуелі «салқын тиген» деді. Емделдім. Бірақ еш көмегі болмады. Одан соң, дәрігерге қайта бардым. «Гайморит» деген нақтама қойды. Тағы да емделдім, көмектеспеді. Кейін аллергиялық ауру болуы мүмкін деді. Биыл шілденің ортасында қайталап ауырдым, көзім жасаурап, мұрным бітелді. Сосын дәрігерлер мұның аллергиялық ауру екеніне көздері жетті. Қанға сынақ жасады, бірақ бәрі қалыпты. Ал теріге сынақ жасаған жоқ. Бірақ дәрігерлер «бір шөп өсіп жатыр, содан иммунитеті төмен адамдар аллергия болады» деп, маған да «маусымдық поллиноз» деген нақтама қойды. Дәрігерлердің ұсынуымен мұрныма арнайы дәрі тамызып жүрмін. Қазір аяғым ауыр. Сондықтан да әзірге ешқандай дәрі ішуге болмайды. Тек шыдауым керек, — дейді Ақжарқын.

Сондай-ақ ол бізге әріптестерінің көпшілігі аллергиядан зардап шегушілер екенін, тіпті кейбірі 4-5 жыл бойы маусымдық аурумен күресетінін айтты. Ал бір құрбысының Алматыдағы аллергиялық ауруларды емдейтін орталыққа барып, емделіп, жазылғанын әңгімеледі.

Ал біздің облыстағы аллергологтардың орталығы Теміржол ауруханасында орналасқан. Облыстың бас аллергологы — Теміржол ауруханасы директорының орынбасары Замза Хайруллина. Орталықтағы дәрігер-аллергологтардың бірі Нәзипа Әлімбаеваның айтуынша, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында аллергологтардың біліктілігін жетілдіру курсы жүргізіліп, облыстың бас аллергологы дәріс оқып тұрады. Ал облыс аудандарында аллерголог мамандар атымен жоқ. Тіпті, Ақтөбенің өзінде де саусақпен санарлық. Оның өзінде де Теміржол ауруханасында, «Әуеқалашық» ауданындағы жаңадан ашылған емханада, «Сенім» жеке клиникасында ғана аллерголог мамандар жұмыс істейді.

Жаздың аптап ыстығында аллергологтардың жетіспеушілігі кәдімгідей байқалады.

Бірақ Нәзипа Асанқызы Теміржол ауруханасына жолдама арқылы келген адамды тегін ал жолдамасыз келсе, ақылы қабылдайтындарын айтты.

Не істеу керек?

Аллергия жас талғамайды. Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әртүрлі болады. Оған аллергендердің көлемі және түрі байланысты емес. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабықтарда кездеседі. Ал соңғы жылдардың тағы бір жаңалығы — аллергияның іш құрылыстарында да болуы.

— Маусымдық поллиноз ауруына шалдыққандар көбінесе ауруды бір басып, сол қысқа мерзімге ғана жеңілдік іздейді. Оларға біз ситпоматикалық, яғни уақытша көмек көрсетеміз. Ал негізінен аллергияны қыста емдеген жөн. Аурудың әртүрлі белгілері болады. Адамдардың көбі бұл аурудың қайдан шыққанын түсінбей, вирустық инфекция деп қателеседі. Дұрыс анықтамай, уақыт созып, жүріп алса, науқастың аллергиясы астмаға да айналып кетуі мүмкін. Алайда кез келген ауруды емдеу үшін сауатты дәрігердің кеңесі қажет. Аллергиядан толық құтылу үшін кемінде 3 жылдай уақыт кетеді, — дейді аллерголог Нәзипа Асанқызы.

Демек поллиноз бір күнде емделмейді. Одан құтылу үшін шыдамдылық әрі әжептәуір қаржы да керек. Өйткені дәріханаларда сатылатын аллергияға қарсы дәрмектер өте қымбат. Ең деген төмен бағасы 500 теңге. Сондай-ақ бірнеше аллергенге сынақ жасау да әжептәуір ақшаны қажет етеді. Өкінішке орай, бүгінде бұл ауру, әсіресе, балалар арасында белең алуда. Ата-аналардың арасында дәрігердің көмегіне жүгінбей баласын үйде өзінше емдеп, аллергия не екенін де білмейтіндері бар.

Мамандардың пікірінше, емдеу шараларының барлығы да медициналық мекемеде және аллергологтардың бақылауымен өтуі тиіс. Әйтпесе уақытша жеңілдік әкелетін күшті гормоналдық дәрілер әсерінен адам ағзасы одан сайын тозып, ақыры дәріге үйреніп кетеді.

Сәуір айында басталатын поллиноз тамыз айында арам шөптердің көбеюіне байланысты өршіп, тұрғындардың көпшілігінде аллергиялық реакция пайда болады. Бұл үрдіс жылда қайталанып, адам денсаулығына көп зиян келтіреді. «Ауруды толық емдемеген жағдайда, ол тым асқынып кетуі ықтимал», — дейді аллерголог мамандар.

«Маусымдық поллинозды» тудыратын түрлі шөптерден бөлек дүкен сөрелерінде самсап тұрған көптеген тағамдар да аллергияны қоздыруы мүмкін.

Сондықтан да дәрігер Нәзипа Асанқызы аллергиядан зардап шегетін адамға негізінен көкөністер мен цитрусты жемістерге шектеу қояды. Сонымен қатар шоколад, кофе, какао, қант және теңіз өнімдерінен де сырқаты қозып кететін адамдар болатынын ескертеді. Аллергиядан зардап шегіп жүрген адамдар күнделікті тұтынатын тағамдардың тізімін жазып, өздеріне не жақпайтынын да аңғаруларына болады.

Ауырған адам әлсіреп, оған дәрумендер де жетіспеуі мүмкін. Сол себепті Нәзипа Асанқызы мынадай кеңес береді: күніне бір грамм С дәруменін қабылдау; тағам құрамында ақуыз, май, көмірсутегі жеткілікті болуы шарт; бөлмені желдетіп, ауасын жиі тазартып тұрған дұрыс; науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар мен ортақ заттардың болмағаны жөн.

Шөптен және тағамнан ғана емес, жәндіктердің шаққандағы уына да аллергия болады. Ал егер өзіңізден өзгеше белгілерді аңғарсаңыз, мысалы, бетіңіз қызарып, теріңіз құрғап кетсе, әлде мұрныңыздан су ағып, көзіңіз жасаураса, дереу дәрігерге көрінгеніңіз абзал. Аллергия немесе басқа да аурулардың алдын алған жөн. Ол үшін өзіңізді бақылап жүрсеңіз болғаны.

Использованные источники: www.aktobegazeti.kz

ВАС МОЖЕТ ЗАИНТЕРЕСОВАТЬ:

  Сыпь на коже аллергия лечение

  Как чистить организм от аллергии

  Может ли быть аллергия на печенье на фруктозе

  На лице аллергия на загар

Аллергияның пайда болу себептері

Аллергия – ағзаның, иммундық жүйесі белгілі бір заттарға кері әсер беруі. Бұл термин мен анықтама аллергияны сипаттауға аздық етеді. Басынан өткергендер бұл жағдайды ауызекі тілде «көзім жасаурайды», «тері қышиды», «ұсақ жаралар шығып кетеді», «мұрнымнан су тоқтамайды», «бет-аузым қышиды» деп сипаттайды. Қысқасын айтқанда, аллергияның ешкімге ұнамасы анық.

Міне, далада көк шығып, көше бойларының тазаланатын уақыты жетті. Шаң көтерілген жерді айналып өтетін жандар түшкіруден қашады. Мұндай уақытта аллергияның алдын алу қажет. Ол үшін нені білу керек?

Аллергияның себебі

Егер сіздің аллергияңыз көктемнің ортасынан күз ортасына дейін жалғасса, онда сіз поллигоз аллергиясына шалдыққансыз. Поллигоз аллергиясы – өсімдіктің тозаңынан пайда болатын аллергияның бір түрі.

Ағаштың, талдың, шөптің тозаңы мұрынға «қонады», иммундық жүйе оны бөгде зат ретінде қабылдайды. Соның әсерінен вирусқа не бактерияға тән, ал ағза бөтен затты шығарудың жолын іздейді. Қанда гистамин атты биологиялық белсенді зат пайда болады, одан жөтел, түшкіру, тұмау пайда болады, көзден жас та ағады.

Негізі аллергия ауру деп есептелмейді, бұл – бөгде затқа жауап беретін ағзаның ерекше күйі.

Ағзаның мұндай жеке реакциясын адам бойынан алып тастау мүмкін бе? Жоқ, осыған келгенде медицина қауқарсыз. Бірақ, белгілі бір уақытқа дейін емдеуге және оның алдын алуға болады.

Аллергиясы бар адамның жанында жүріп, «аллергия жұқтырып алам» деп ойламасаңыз да болады. Ал аллергиясы бар адам өзге аллергендерге бейім болады.

Аллергияны қоздыратын заттар:

— қоршаған орта ластығы;
— күйзеліс;
— әлсіз иммунитет;
— темекі;
— антибиотик;
— дұрыс тамақтанбау;

Жыл мезгілдерінде өзіңізді бақылап, ағзаңызға не жағып, не жақпайтынын білуіңізге болады. Негізінен аллергия көктем мезгілінде ағаш тозаңдарынан, жазда шөптерден, күзде арамшөптерден «дами түседі».

Әлемде жүзден астам аллергия тозаңдары кездеседі, сол үшін дәрігерге көрініп, сол жүздің ішінде қайсысы сіздің мазаңызды алып жүргенін білуіңіз керек. Оның алдын алып, емдік шараларын жасаған абзал. Емдік шарасын ендігі жазбамыздан оқи аласыздар.

Использованные источники: massaget.kz

Похожие статьи